Мемлекет Басшысының наурыз айындағы Жолдауын бәріміз асыға күттік.
Қаңтар оқиғасы, мемлекетке жасалған опасыздық пен қастандық, биліктің жоғарғы эшелонындағы өзгерістер, маңызды тұлғалардың тұтқындалуы, геосаяси дағдарыс – айналамыздақалыптасқан осы факторлардың барлығы сұрақтарға жауап талап етті.
Бүгін ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Қанды қаңтар оқиғасынан бері өткен осы екі айдың ішінде қыруар істератқарылды. Жаңа заңдар қабылданды. Тергеужалғасуда. Ұйымдастырушылар қандай қызмет атқарса да жазаланады, деді Қ.Тоқаев.
Жалпы, Жолдаудың бағыты либералды депесептеймін. Неге екенін – талдап көрейік.
- Мемлекет басшысы саяси реформалар пакетінұсынды. Басқару жүйесі суперпрезиденттік түрінен күшті парламенті бар президенттік республикаға, есеп беретін мемлекет жүйесіне өзгерту ұсынылды. Күшті парламент әділ де адал сайлаумен ұштасып, сайлаушыларды толғандыратын өзекті мәселелерді шешетін халық билігінің тиімді тұтқасына айналадыдеп ойлаймын.
Партиялық құрылымдарды мемлекеттікаппаратпен біріктіру дұрыс емес, сондықтан Президент өз міндеттерін орындау кезеңінде партияға мүшелігін тоқтатады. Бұл облысәкімдеріне де қатар қолданылады. Заң жүзінде бекітілген мұндай норма басқа партиялардың еліміздің саяси өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік береді.
Президенттің ең жақын туыстарына саясилауазымдар мен квазимемлекеттік құрылым басшыларына тыйым салу – бұл ұсынысты парламент залы қошеметпен қарсы алды.
Өзгерістер сайлау жүйесіне де қатысты. Сенаттағы президенттік квота 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарады. Қазақстан халқы Ассамблеясыбұдан былай сенаторлық лауазымға 5 кандидатты(бұрын 10 болатын) сайламайды, тек ұсынады. Жалпы, депутаттар саны қысқартылады. ЕндіМәжіліс қабылдаған заңдарды Сенат тек мақұлдайтын немесе мақұлдамайтын болады. Осылайша Парламенттің төменгі палатасының рөлі күшейеді.
Сонымен қатар, Президент Мәжіліске сайлаудың аралас жүйесін енгізуді ұсынды: депутаттардың 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлық негізде сайланады. Бұл партияға қатыспайтын кандидаттың сайлауға түсуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар халықтың сайлауға деген сенімділігін арттырады.
Парламент республикалық бюджеттің сапалыорындалуына бақылауды күшейтеді, ол үшін Жоғары аудиторлық палаты құрылатын болады.
Мемлекет басшысы ұсынған мәслихаттардағы өзгерістер олардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған. Мысалы, Мәслихат төрағасының қызметі енгізіледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындау кезінде мәслихатқа кемінде екі кандидатура енгізіледі, дауыс беру қорытындысы бойынша жаңа әкім тағайындалады.
Сайлауда берген уәделерін орындамаған депутаттарды мандаттарынан айыру ұсынылып отыр. Халық өкілдері жұмысының нәтижелі болуына бағытталған бұл норма кандидатқа өз дауысын берген халықтың пайдасына жұмыс істейтіні сөзсіз. Егер депутат сайлауалдыбағдарламаның орнына тек ұрандар ұсынып, ісжүзінде өзекті мәселелерді шешпесе, оған мәслихатта орын жоқ.
Партияларды тіркеу деңгейін азайту, әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстарын заңнамалық тұрғыдан бекіту, сайлау кезінде БАҚ-тың, байқаушылардың және ҮЕҰ-ның қаржылық есепберуі — әртүрлі саяси алыпсатарлықтарды болдырмай, сайлау жүйесін барынша ашық етуүшін жасалған.
Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі. Бүгінде әлеуметтік желілер мен БАҚ-та заңды немесеазаматтық күйеуінен зардап шеккен әйелдер, қатыгездікке ұшыраған балалар туралы мақалалар жиі жарияланып отырды. Бұл норма бұрыннан қоғамдық сұранысқа ие, Президенттің мұндай бастамасы қоғамның кез келген көзі ашық, санасыжоғары мүшесін қуантпай қоймайды.
Мемлекет басшысы кәсіби БАҚ-қа ерекше назараударды: бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қайта қаралады. Президент журналистердітапсырыстар мен көлеңкелі алымдарға бой алдырмауға, кландық күреске түсуге жол бермеугешақырды. Мемлекет пен халықтың мүддесі үнемі бірінші орында тұруы керек.
Абай, Жетісу, Ұлытау өңірлерінің құрылғаны туралы хабарды тек Семей, Алматы, Жезқазған облыстарының тұрғындары ғана емес, бәріміз ыстық ықыласпен қарсы алдық. Бұл өңірлердің дамуына тың серпін беріп, облыстық мемлекеттікоргандардың жүгі мен шалғай елді мекентұрғындарының облыс орталықтарына баруынжеңілдетеді.
Жалпы, Мемлекет Басшысының сөзі бәріміз үшін таза ауа жұтқанмен тең болды. Ескі жүйеден бас тарту, әлеуетті тоқырауға жол бермеу, саясижүйені реформалау, мемлекеттік менеджменткежаңа, барынша қатаң талаптар қою, азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу. Бұл үшін біздің барлық мүмкіндіктеріміз бар, деді Мемлекетбасшысы.
Біз Жаңа Қазақстанға қадам аттағалы тұрмыз, өмірімізді өзгертуге деген айқын көзқарасымыз бенжігеріміз бар. Біз баршамызға түсінікті әділ заңдарға сәйкес, адамгершілік пен прогрессивтіқоғамда дәл қазір бақытты және бақуатты өмір сүргіміз келеді.
Біз мұны істей аламыз.
Аида Абибуллаева,
облыстық мәслихат депутаты, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының басшысы
ПІКІР ЖАЗУ