Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды

Фото: ulysmedia.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Конституциялық сот судьясы қызметін атқарған. Алматы облысы Талғар ауданының тумасы.