Шымкентте қайғылы жол апаты болды.
Kia автокөлігінің жүргізушісі әйелімен бірге жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 1976 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бәйтереков көшесінде (Астана даңғылына жетпей) болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші есін жимай, сол жерде көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы Kia жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — делінген хабарламада.
фото: Halyq Uni
ПІКІР ЖАЗУ