Ресейдің Екатеринбург қаласында ер адам туылғанына бір жарым ай болған немересін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Риа новости таратқан мәліметте, түн ортасында жұмыстан шаршап келген Дмитрий Кичинді қатты жылап жатқан нәрестенің даусы ашуландырса керек. Ол баланың аяғынан ұстап, басын еденге бірнеше рет ұрған. Сәби сол жерде шетінеп кетті. Ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Қайғылы оқиға әйелі мен кәмелет жасқа толмаған екі бала куә болды.
Полиция күдіктіні ұстап, уақытша қамау изоляторына жеткізді. Күдікті бұрын сотты болған.
ПІКІР ЖАЗУ