«Енесінен аумай қалған»: Нұржан Төлендиев ұлын үйлендіріп, келін түсірді (ВИДЕО, ФОТО)

Коллаж: ozgeris.info

Танымал әзілкеш, «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиевтің ұлы шаңырақ көтерді, — деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Желіде тараған видеолардан Төлендиевтің құда атанғанын көруге болады. Жас келінді танымал әнші Жазира Байырбекова алып шыққан.

«Нұржан Төлендиевтің үйіне келін түсті. Келін құтты болсын, Нұрекем», — деп жазды Байырбекова.

TikTok қолданушылары әзілкештің үйіндегі қуаныш туралы түрлі пікір жазды.

«Бізге де жұғысты болсын», «Тукаға келін болған қандай бақытты қыз», «Ене мен келін бір-біріне қатты ұқсайды екен», «Келіннің тәрбие көргені көрініп тұр», «Ұлы сымбатты, келіні онша емес екен», — деп жазды олар.