«Ендігі ісім сенімен болсын»: Журналист «Шерзаттың әкесін қамау керек» деген қарияға шүйлікті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әлдекімнің Шерзаттың әкесі Қаржаубайды қамау керек деген видеосын жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі.

«Қаржаубайдың әңгімесінің көбі өтірік. Мылтықты өзі алып шыққан болуы мүмкін. Қылмыстық іс бойынша Қаржаубай қамалуы керек. Баласын өлімге алып келген Қаржаубайдың өзі», — дейді ол видеода.

Ал Жан Ахмадиев аталмыш видеоны өз парақшасына салып, қарияның бұл сөзіне шамданғанын жасыра алмады.

«Немереңдей баланың аруағына тыныштық берсең қайтер еді? Қайғыдан қан жұтқан отбасын қаралау үшін қанша алдың? Құның қанша? Марқұм Шерзатпен оның әкесінің атын балағаттайды екенсің, ендігіде ісім (сіз деуге ауызым бармайды) ісім сенімен болады. Қаржаубайдың артында бүкіл қазақ елі тұр,ал сенің артыңда кім тұр⁉️», — деп жазды журналист. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жан Ахмадиев (@zhan_ahmadiev)