Қарлығаш Сұлтанша әнші Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Оның айтуынша, Ернар Айдар алғашқы ұстазы, сазгер Қуаныш Құрманбаевтың еңбегін жоққа шығарған.
«Мені сахнаға жетелеп алып шыққан әуелі Алла, сосын осы Талғат ағам. Ағаммен жұмыс істеген кезде тоқтамай ән жаздық. Кейін ол кісі өзінің жеке кәсібімен кетті де, «Ары қарай өзің жұмыс істеп көр. Бәрін біліп, үйреніп алдың» деп мені бөлек жіберді. Содан кейін кішкене саябырсып қалдық. Қасымдағы жігіттер де «Ән жазбай қойдың ғой» деп айтты. Кейін ағаммен қайта бірлесе жұмыс бастап, «Шүкір» әнін жазып шықтық», – деді ол.
Әншінің бұл сөзіне Қуаныш Құрманбаевтың жары Қарлығаш Сұлтанша ренішін білдірді.
«Мен негізі әділетсіздікке шыдай алмаймын. Осы уақытқа дейін үндемей келдім. Бірақ бұлай ұстазыңның еңбегін жеме, Ернар! Продюсерім деп жүрген ағаң қасыңнан неге кетті?! Оны мен білемін. Осыншама өтірік айтудан шаршамадың ба? Енді мені тоқтата алмайсың», – деп жазды Қарлығаш әнші.
Айта кетейік, Ернар Айдардың өнерге қадам басуына Бауыржан Есебаев пен Қуаныш Құрманбаев үлес қосқан көрінеді. Алайда әнші танымал болған соң көбіне Бауыржан Есебаевтың атын атап, Қуаныш сазгер тасада қалып қойған. Бұл туралы Қуаныш Құрманбаев «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат бергенде айтқан болатын.
ПІКІР ЖАЗУ