Боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы Әнару Құрманәліні зорлады деген ақпаратқа спортшының әйелі сенбейтінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Блогер Клара Иса – спортшының сегіз жылдан бері заңды некедегі әйелі. Ол жеке парақшасында трендке қатысты видеосын жүктеп, ер мен әйелдің бір-бірлеріне жиі қоятын сұрақтарын тізді.
“8 жылда күніне 1045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды блогер келіншек.
Желі қолданушылары видеоның астына қоғамды шулатқан бойжеткен қыздың мәселесін жарыса жазып жатыр.
“Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деген сұраққа блогер де үнсіз қалмады.
“Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса.
ПІКІР ЖАЗУ