Елордада жұмыс істемей тұрған «алып сағат» субұрқағы биыл бұзылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.
«Ол бұзылады. Оны қайта қалпына келтіру өте қымбатқа түседі әрі өзі өте күрделі құрылым. Сондықтан оны осы жылдың ішінде бұзамыз деп шешім қабылдадық», — деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол субұрқақты бұзу жұмыстарына қанша қаражат кететіндігіне қатысты есеп қолында жоқ екенін, жалпы оны орнатуға бюджеттен қанша ақша жұмсалғанын айта алмайтынын атап өтті.
«Дегенмен қаласаңыздар мұндай ақпаратты ұсынамыз. Оның еш құпиясы жоқ», — деді елорда әкімі.
Фото: Yandex Maps
ПІКІР ЖАЗУ