Елордада 16 жастағы қыз мерт болды

Фото: pixabay.com

Жасөспірімнің өлімін елорданың полиция қызметі растады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Кенесары және Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған.

«Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады», — делінген қалалық полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.