Telegram-да Астананың бірқатар мектептеріне жасалатын шабуылдар туралы ақпарат таратылды, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
Автор «тарихқа енетініне» сенімін білдіріп, атыс мылтықтар мен суық қарумен жаппай өлтіруге қауіп төндіреді. Қорқынышты «ескертуде» шабуылдарға 20 адам қатысады деп болжайды.
Департаментте, тиісті қызметтер қаланың білім беру ұйымдарын тексергенін атап өтті. Полиция бұл ақпарат дұрыс емес деп сендірді.
«Тұрғындардан сабырлы болуды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – делінген тәртіп сақшыларының хабарламасында.
ПІКІР ЖАЗУ