Елімізге белгілі актер есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды

Фото: Pixabay.com

Желіде Көкшетау қаласында актер Мәди Жолбасаров синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, тінту кезінде одан 4500 доза тәркіленді.

Аталмыш ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі жауап берді.

“Полицейлер есірткіні байланыссыз сатты деген күдікпен Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады. Ұсталған азаматтың жалдамалы пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1,5 келі болатын электронды таразылар, орау жабдықтары және синтетикалық есірткі – мефедрон және alfa-PVP тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік мәліметінше, күдіктінің телефонын тексеру кезінде бетбелгі сайттарының координаттары анықталды.

“Бұл күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің ауқымын көрсетеді. Соның салдарынан ол 4500 доза есірткі затын сата алмаған. Ұсталған азамат есірткі тасымалымен қатар, шығармашылықпен де айналысқан. Ол бірқатар қазақ телехикаяларында эпизодтық рөлдерді сомдаған. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...