Елімізде тағы екі АЭС салынады

Фото: pixabay.com
Қазақстанда тағы екі атом электр станциясы салынбақ, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов биыл екінші және үшінші АЭС-ті салу орнын белгілеу үшін талқылау жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Ал жақын арада Алматы облысында алғашқы АЭС-тің құрылысы бойынша келісімшарттарға қол қойылмақ.