Елімізде сайланған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте істемеген

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Әкімдер мектебі» жұмысын бастады. Елімізде сайланған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдері енді біліктілік курстарынан өтеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың талабына сәйкес әкімдерді тікелей сайлау жүйесі іске қосылып, барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы сайланғанын айта келе, олардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте істемегені айтылды. Сонымен қатар, Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдердің біліктілігін арттыруды Үкімет пен Агенттікке тапсырды.

Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев бағдарлама әкімдерді ауыл экономикасының дамуына әсер ететін негізгі факторларды айқындауды және әкімдер өз ауылдарының экономикалық бағыттарын анықтауды, сондай-ақ өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйрететінін айтты.

Бұл ретте, Агенттік төрағасы Д. Жазықбай Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында әкімдерді оқытудың тиімділігіне ерекше мән беру қажеттігіне тоқталды.

«Cаяси партиялар Ауыл әкімдерін сайлау кезінде өздері ұсынатын кандидаттардың тұлғалық жауапкершілігі мен кәсіби даярлығына назар аударғаны жөн. «Адал Азамат» идеалдарына сай, шынайы мақсатта ел игілігіне әділ қызмет етуді көздейтін адамдардың жұмысынан қашанда оң нәтиже күтуге болады», — деді Д.Жазықбай.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек ауылдық округтердің экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу мәселесіне тоқталды.

«Бағдарлама келешекте тәжірибе алмасу мен үздік әдіс-тәсілдерді енгізу алаңына айналады», – деді Дәулет Кәрібек.

«Әкімдер мектебі» Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, оның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы іске асырылады.

Оқыту жобасы экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтиды.

Атап айтқанда:

— жергілікті бюджетті тиімді пайдалану;

— мемлекеттік сатып алулар мен салықтар;

— коммуналдық меншікті басқару, экология мен қоршаған ортаны қорғау;

— кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау, аймаққа инвестиция тарту;

— мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар, жасанды интеллект құралдарын қолдану;

— қабылданған шешімдердің сәттілігіне әсер етуі мүмкін тәуекелдерді басқару, тиімді коммуникациялар және өзге дағдыларды дамытуды көздейді.

«2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлау азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, әкімдердің жауапкершілігін арттырды. Содан бері 2,5 мыңнан астам ауыл әкімдері сайланды. Олардың 60%-ы бұрын әкім болмаған және мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Кейбіреулері кәсіп иелері немесе партия қызметкерлері. Осылайша, әкімдер корпусы айтарлықтай жаңартылды. 2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің пилоттық сайлауы өтті. Барлық өңірлерде 45 әкім сайланды. Биылдан бастап барлық ауданның әкімі тікелей сайлау арқылы ғана қызметке кіріседі. Осыған байланысты, бүгінгі «Әкімдер мектебін» іске қосу уақтылы әрі орынды шешім деп санаймын. Біліктілікті арттыру бағдарламасы ауылдық аймақтардың дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Қанат Бозымбаев құттықтау сөзінде.

Оқытудың қорытындысына сәйкес әкімдер өңірлерді экономикалық дамытуға қатысты жобаларын қорғайды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!