Қазақстанда әлеуметтік идеялар мен жобаларды жүзеге асыру үшін краудфандинг алаңы іске қосылды.
Asarga.kz сайты әлеуметтік, білім беру, мәдени-гуманитарлық сипаттағы өзекті мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің өзара әрекеттесуін дамытуға толығымен бағытталған Қазақстандағы алғашқы краудфандинг алаңы болып табылады.
Жоба жетекшісі, «Social Development Center» қоғамдық қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғановтың айтуынша asarga.kz порталың басқа краудфандинг платформаларынан бір маңызды ерекшелігі бар. Ол жеке тұлғалардан тікелей қаражат жинау мүмкіндігін жоқтығы.
«Біз бизнестен инвестиция мен демеушілік тартуға бел будық. Портал өзінше бір витринаға, «әлеуметтік жобалар супермаркетіне» айналауы тиіс. Мұнда кәсіпкерлер мен ірі компаниялар өздерін қызықтыратын және мүмкіндіктеріне сай әлеуметтік жобаларды таба алады, ал коммерциялық емес ұйымдар өз идеяларын жүзеге асыру үшін қаражат тарта алады», – дейді Біржан Қазтұрғанов.
Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті дамыту мәселелері тұрақты түрде тыңдалады. Жуырда ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы жолдауында «азамат – бизнес – мемлекет» триадасындағы қарым-қатынастарды терең қайта құру қажеттігін айтқан болатын.
Алайда, «Social Development Center» қоғамдық қорымен сұхбаттасқан сарапшылардың пікірінше, серіктестіктің табысты үлгілерінің болуына қарамастан, үкіметтік емес ұйымдар секторын дамытуға да, бизнесті дамыту мүмкіндіктеріне де қатысты үшжақты ынтымақтастықты жақсартуда бірқатар проблемалар мен қиындықтар бар.
Қоғам мәселелеріне бизнестің қызығушылығының артуы жағымды сәт болып табылады. Үшжақты серіктестікті талдау аясында біз барлық үш сектордың өкілдері арасында сауалнама жүргіздік. Біз сауалнама жүргізген респонденттердің 53%-дан астамы қазақстандық кәсіпкерлербизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын жүзеге асыруға әбден пісіп-жетілді деп есептейді», – деген мәліметті жоба өкілі Бейбіт Турабаев берді.
ПІКІР ЖАЗУ