Еліміз мұнай мен газға байланып қалса, болашағы бұлыңғыр — cаясаттанушы

Фото: zavtra.ru

Дональд Трамп билікке келе сала, мұнай бағасы ақырындап түсе бастады. Шамамен 2 пайызға түскен. Бұл әлі де түседі. Себебі АҚШ пен Саудия бір келісім жасасса, артынша АҚШ өз жеріндегі мұнай мен газды өндіріп, сата бастаса, онда әлемдік нарықтағы мұнай мен газ бағасы құлайды.

Саясаттанушы Асхат Қасенғалидің пікірінше, бағаны түсіру мұнай өндіретін елдерге соққы, әсіресе бюджетінің 50-60 пайызын осы сала құрайтын біз сияқты елдерге оңайға соқпайды.

«Нефтяная игла» деген термин бар. Ресейліктер ойлап тапқан. КСРО-ның экономикасы мұнайға байланып қалып, кейін сол мұнай бағасы өссе мембюджет өсіп, түссе мембюджет өшіп отырған. Оны жақсы білесіздер ғой. Бюджетті аса ауқымды бір салаға байлап қоюдың тәуекелдері көп. Бір мысалы осы.

Қазақстан қазір мұнай мен газдың жаңа орындарын ашып, іске қосатыны айтылып жүр. Бұл дұрыс әрине. Бірақ жоғарыдағы тенденцияларды ескерсек, бізге сөзсіз экономиканы әртараптандыру қажет. Себебі мұнай мен газ ерте ме, кеш пе, не бітеді, не балама табылып бағасы түседі, не геосаяси ойындарға байланысты құны ойнап тұрады.

Сонымен Қазақстан не істеу керек?

Саясаттанушы бірнеше сценарийдің бар екенін жеткізді.

Біріншісі, ауыл шаруашылығын дамытуға қаржыны еселей беру қажет. Президенттің сөзінше былтыр экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығы даму қарқыны бойынша алға шыққан екен. Бұл негізінен көктемгі егіс науқанына берілетін арзан несие көлемін арттыру арқылы іске асқан. Биыл соған 700 млрд теңге бөлмек. Ауыл шаруашылығы басқа саламен салыстырып қарағанда дамуы жоғары болса, демек осы жаққа қаржыны еселеу қажет. Субсидия, лизингті арттыру, кемшіл тұстарын түзеу деген сияқты. Былтыр астық көп болды, бірақ бидайдың бағасы арзан болып кетті. Оған ішкі және сыртқы саясат көп әсер етті. Диқандарға бидайды сыртқа сатуға көмектесу үшін басқа елдермен келісім жасауды арттыру маңызды.

«Ауыл шаруашылығы қазір экономикада 5 пайыз үлес алады ғой деймін қателеспесем. Бұрын 3 пайыз болған. Өсім бар, бірақ аз. Бұл көрсеткішті еселеу керек. Адамдар жаңа көлік мінбейтін, соңғы үлгідегі айфон сатып алмайтын экономикалық дағдарысқа түссе де, нан сатып алуды тоқтатпайды. Ал ауыл шаруашылығы дегеніміз сол нан, ет, сүт. Көлік ойлап таппай-ақ қояйықшы, осы ауыл шаруашылығына қаржыны құя берейікші», — дейді сарапшы.

Экономиканы әртараптандырудың екінші жолы, ол – транзит. Қазақстан Еуропа мен Қытайдың, Ресей мен Орталық Азияның, ары қарай араб елдерінің ортасында жатыр. Бұл автоматты түрде «Батыс Қытай –Батыс Еуропа» сауда жолы және «Оңтүстік-Солтүстік» сауда дәлізі деген сөз. Осының ішіне жиі айтып жүрген Транскаспий бағытын қосып жіберсек болады.

Бүгін осы бағыттарды дамыту бойынша талқы болды. Ал оны дамытудың жолы біреу ғана, теміржолдар мен көлік жолдарын салу, стандартқа сай ету, дамыту. Каспийде порттарды үлкейту және жүк қабылдау үлесін арттыру арқылы ғана іске асады.

Қазақстан соңғы жылдары Қытайдың құрлық арқылы негізгі тауар таситын аймағы саналып келеді. Оның тауарын негізінен сатып алатын аймақ ЕО. Бірақ бізге болашақта бәсекелес болатын жоба бар. Ол «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржолы. Бұл біздің транзит аймағы ретіндегі маңыздылығымызды азайтуы мүмкін. Сол үшін де президент теміржолдарды дамытуды жылдамдатуды тапсырды. Қырғыз бен өзбек әлбетте бауыр халық, бірақ экономикалық мүдде деген бар. Ол тұрғыдан алып қарағанда бізге ОА-дағы басты транзит аймағы ретіндегі позициямызды бермеу қажет.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Колумбус с 14 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!