Жеке өмірі ел талқысына түсіп, қоғамда қызу талқыланып жатқан жайдарманшы, актер Нұрсұлтан Жақсыгенге айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева кеңес берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айта кетейік, жайдарманшы екі баласының анасынан не үшін ажырасып кеткенін ашып жазған еді.
“Осы суреттен артық қандай мотивация керек сендерге?! Шындап келгенде екеуің де ел қызығатын жанұя едіңдер, екеуіңе шайтан білгенін істетіп жатыр. Ақыл айтып отырған жұрттың дымы кетпейді, бала-шағамыз аман, байымыз қасымызда. Қиналып жүрген екеуің, осы екеуіңнің жүректеріңе түскен салмақ ертең 2 балаға түседі. “Нұрсұлтан ұятсыз, Фариза тәрбиесіз, әке-шешесі жаман” деп айтып жатқандап отқа май құйып рахаттанып отыр. Шындығында сен Фаризадан артық қатын таппайсың, Фариза сенен артық күйеу таппайды!!! Мынадай тәтті балапандардың қылығын мың қатын тауып бермейді саған!”, – кеңесін жазды айтыскер ақын.
Сонымен қатар айтыс мектебінің өкілі актерге әйелден кешірім сұрап, алдында иілуін сұрады.
“Шайтанға әскер болып, Алланы ашуландырмай, барып иіл! Әйелдің тілін табу оңай! Бір алтын тағып, бір гүл апарсаң жайнап шыға келеді. Ерегісіп елге күлкі болмаңдар! Әлеуметтік желі – қоқыс алаңы. Бұл жерде досыңнан дұшпаңың көп. Отбасының абыройын осы жерге әкеп төгіп жатырсыңдар. Қаптаған сайт шулатып жазып жатыр. Ғаламтор – тарих! Ертең бала-шағаң ер жетіп осы бықсыған әңгімені оқитын болады. Балалардың болашағын талқандап отырсыңдар! Мықтылық деген – әйелді жеңу емес! Мықтының мықтысы ғана отбасын сақтап қалады. Қатын құсап жазба жазып, анау ана жақтан, сен мына жақтан абыройсыз боп отырсыңдар. Попкорн алып ерігіп отырған біз қызық кино көріп отырмыз”, – деді коуч-психолог.
ПІКІР ЖАЗУ