Елена Рыбакина тағы бір беделді жарысқа қатысудан бас тартты

Рыбакина
Фото: Қазақстан теннис Федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Истборндағы (Ұлыбритания) турнирге қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Рыбакина бұл турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген еді, бірақ кестесіндегі өзгерістерге байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

Спортшы екінші айналымда ұлыбританиялық теннисші Хэрриет Дартпен (әлемнің 105-ракеткасы) кездесуі керек еді. Енді Дарт «лаки-лузер» – америкалық София Кенинмен (әлемнің 48-ракеткасы) ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшы денсаулығына байланысты Берлиндегі WTA 500 турнирінде Беларусь теннисшісі, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Виктория Азаренкоға қарсы матчты жалғастырудан бас тартқан еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...