Қазақстанның әйелдер арасындағы ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Франция Ашық чемпионатының үшінші айналымында жеңіске жетті.
Филипп Шатрье атындағы кортта әлемнің төртінші ракеткасының кезекті қарсыласы Бельгия өкілі Элизе Мертенс болды (WTA рейтингінде 27-орын).
Рыбакина бельгиялықты екі сетте 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу бір сағат жеті минутқа созылды. Осы уақыт ішінде еліміздің бірінші ракеткасы ықтимал алты брейк-пойнттің бесеуін аяқтап, екі қате жіберіп, допты үш рет тура берді.
«Ролан Гаррос» ширек финалға шығу үшін Елена Рыбакина Элина Свитолина (Украина) — Ана Богдан (Румыния) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
ПІКІР ЖАЗУ