Елдос Қоспаев 15 жылға сотталды: қылмыстық топтың мүшелеріне үкім шықты

Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобына сот үкімі оқылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобының мүшелеріне үкім шығарды. Сотталушылар саны – 11 адам.

Елдос Қоспаев 15 жылға сотталды. Ол қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтейтін болады.

Айта кетейік, ағайынды Елдос, Айдос, Айбек Қоспаевтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС сияқты ірі бизнестерді басып алған болатын. ҚМА бұған қатысты тергеуді аяқтап, Алматыдағы Айдос Қоспаевқа тиесілі «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлкіне тыйым салған еді.

Кейін Қаржы мониторинг агенттігі бірнеше үлкен бизнесті басып алған ағайында Қоспаевтарға қатысты тағы бір қылмысты анықтаған еді.

«Алайда, биыл қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» базасына жалған ақпарат енгізу арқылы құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген», — деп хабарлайды ҚМА.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, оларды қамаған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Ноксвилл опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...