«Бұл – елдің зияткерлік қазынасы» деп есептейтін депутат Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша ғимараттағы ауа баптау жүйесі жұмыс жасамайды, қыста суық, жазда ыстық, ылғалдылық деңгейі реттелмейді. Нәтижесінде, тарихи маңызы зор кітаптар үгітіліп, түптері ажырап, жоғалып барады.
Сүлейменованың айтуынша мұндай қазынаны сақтап, оны зерттеу үшін білікті мамандар қажет.
«Мұндай қазынаны сақтап, оны зерттеу үшін білікті мамандар қажет. Кітапхана штатында 40 қызметкердің 20 жылдық тәжірибесі бар кітапханашылар 100 мың теңге жалақы алады. Елдегі кітапханашылардың жалақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді, алайда Орталық ғылыми кітапхана «Ғылым ордасы» қарамағында болғандықтан, бұл мекеменің қызметкерлеріне басқа кітапханалардағы жалағының өсуі таралмайды», -деді депутат.
«Қазақстан ғылымы тарихы музейі, Күрделі жөндеуден кейін экспозицияны қайта құруға қаражат бөлінбеген. Заманауи жабдықтардың, цифрлық технологиялардың жоқтығы музей қызметінің сапасын төмендетіп, келушілер санын азайтуда. Қызметкерлердің төмен жалақысы кәсіби мамандардың жұмыстан кетуіне әкеліп, музейді толыққанды ғылыми-ағартушылық мекеме ретінде дамытуға мүмкіндік болмай тұр», —дейді ол.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру