Еліміздің бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болып сайланды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болып сайланғаны белгілі болды.
Нұрлан Ермекбаев бұл қызметті 2025-2027 жылдары аралығында атқарады.
НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ
1963 жылы 1 қаңтарда Шымкентте дүниеге келген;
1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігі Әскери қызыл ту институтын қытай және ағылшын тілдерін меңгерген офицер мамандығы бойынша үздік бітірген:
1996 жылы Қазақ сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған;
Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда, Сыртқы істер министрлігі құрылымында, Президент әкімшілігінде қызмет еткен;
2006-2007 жылдары – Президент кеңесшісі — Президент әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі;
2007-2010 жылдары – Сыртқы істер министрінің орынбасары;
2010-2012 жылдары – Президенттің көмекшісі;
2012-2014 жылдары – Қытайдағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі, Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Корея Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы;
2014-2016 жылдары – Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
2016 жылдан 2018 жылғы сәуірге дейін – Дін істері және азаматтық қоғам министрі;
2018 жылғы сәуірден бастап 2018 жылғы тамызға дейін – Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
2018 жылғы тамыздан 2021 жылғы тамызға дейін Қорғаныс министрі қызметін атқарды.
БАЙЗАҚТАҒЫ ЖАРЫЛЫС
2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Салдарынан 17 адам қаза тапты.
Сол кездегі Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.
«Менің басты мақсатым – төтенше жағдайдың салдарын жою. Егер отставкаға кету жайына келетін болсақ, мен бұл жаңалықты естіген бойда өзім үшін шешім қабылдадым. Өз еркіммен отставкаға кетемін, отставка сұраймын. Қалғанын жоғары басшылық шешеді», — деді министр.
31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады», — деді жазды Берік Уәли Facebook-тегі жеке парағында.
Бұған дейін елордада ШЫҰ саммиті өтіп жатқаны туралы жазған едік. Жиында Беларусьтің Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық мүшесі атанғаны белгілі болды.
ПІКІР ЖАЗУ