Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бұрынғы басшысы Бекболат Тілеухан Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті қызметін атқарады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдаулет Сәбитов айтты.
Ол Бекболат Тілеуханның Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын айта келе, қазір бұл салада қызмет етпейтінін мәлім етті. Дегенмен Түркияда Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы бар. Онда сол ұйымда вице-президент қызметін атқарады.
«Келесі жылы біз осы конфедерациямен бірге Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткіземіз. Бұл мәселеде оның тарапынан қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз», — деп жауап берді Бақдаулет Сәбитов БАҚ өкілдерінің сауалына.
ПІКІР ЖАЗУ