Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың кіші ұлы Даниэль Храпунов Ирландия азаматтығын алғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Tengrinews.kz бұл мәліметті халықаралық ресми реестрлер арқылы тексерген.
Швейцарияның Бірыңғай коммерциялық тізіліміндегі деректерге сәйкес, Даниэль Храпунов Женевада тіркелген Litigation Partners SA компаниясының директоры әрі жалғыз әкімшісі ретінде көрсетілген. Құжатта оның «Ирландиядан» екені және Женева кантонына қарасты Мейнье коммунасында тұратыны жазылған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру