Экономика министрлігі қосымша құн салығын көтеруді көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдады

Фото: lockobank.ru

Үкімет Салық кодексіне өзгерістер енгізуді мәжіліске ұсынды.

Егер бұл өзгерістер қабылданса:

  • Қосылған құн салығы (ҚҚС) 16%-ға дейін көтеріледі.
  • ҚҚС төлеуге міндетті кәсіпкерлердің жылдық табыс шегі 15 млн теңгеге дейін төмендейді.

Яғни, жылдық табысы 15 млн теңгеден асатын барлық кәсіпкерлер ҚҚС төлеуге міндетті болады.

Айта кетейік, үкіметте ҚҚС мөлшерін 20%-ға көтеру туралы да сөз болған. Тоқаев «мөлшерлеме тым жоғары» деп пікір білдірген.

«Бір анығы, үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс», — деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуі тиіс деп айтқан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)