Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.
Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген, қолданбалы экономика магистрі.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастады.
2005-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болды.
2013 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2013-2019 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
2019-2021 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, 2021-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, 2022-2024 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.
Биылғы 1 сәуірде KazEnergy бас директоры болып тағайындалған еді.
Мемлекет басшысының өкімімен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
ПІКІР ЖАЗУ