Желіде орамал ауыстыру салтының видеосы тарады. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл дәстүрге тәнті болған желі қолданушылары түрлі пікір мен болжамдарын жазуда. Бірі бұл ғұрып күйеуі қайтыс болған әйелге жасалады десе, бірі екінші рет тұрмыс құратын келіншектің орамалы ауысатынын жазуда.
Интернет желісінен де қоғамның қызығушылығын тудырған аталмыш дәстүрдің мән-мағынасын іздеп көрдік.
«Күйеуі өлген қаралы әйелге көк көйлек кигізіп, көк орамал тартады. Бір жыл өткеннен кейін, күйеуінің жылдық асында жесірдің туысқандары не абысын-ажындары ақ көйлек кигізіп, ақ орамал тартып, «көгің ағарсын!» деген тілек айтады. Маңғыстауда күйеуі қайтқан әйелдің бір жылдан кейн орамалын ауыстыратын ырым бар. Ол «бұдан былай еріңнен азатсың, басқа ерге шығуға болады» дегенді білдіреді. Сонда көк орамал бұрынғы неке мен болашақ болуы мүмкін некенің арасындағы аралық көпір қызметін атқарады», — делінген bilimdinews.kz порталында.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру