Екінші АЭС-тің құрылысы қатар жүруі мүмкін – Энергетика министрі

Фото: pixabay.com

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, электр энергиясының болжамды тапшылығын негізге ала отырып, Қазақстанға энергетикалық өндіріс ошақтарын салуды тездету керек.

«Ядролық кластерді құру жаңа энергияны енгізуге және көміртегінің салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бізге күн тәртібі бойынша тиісті міндеттерімізді жүктейді. Осыған байланысты, құрылыс жобаларын параллель іске асыруымыз мүмкін деп санаймын. Бізде барлық қажетті ресурстар бар», — деді министр.

Егер мұндай шешім қабылданса, онда құрылыс әртүрлі жерлерде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Сәтқалиев екінші АЭС-тің құрылысы бойынша референдум өтпейтінін мәлімдеді. Себебі, заңнамаға сәйкес, екінші станса үкіметтің шешімен салынады.