«Екі тәулік қиналдым»: Шаһизада жантебірентерлік жазба жариялады (ВИДЕО)

Танымал әнші Шаһизада ұлы Олжасты туған күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі жүрекжарды тілегін жеке парақшасында жазып, ерекше видео жариялады.

“20 қазанда баламды Алланың қалауымен босанып, осы жарық дүниеге алып келдім. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында Олжас балам 4.300 кг болып туды. Босанар алдында екі тәулік қиналғаным бүгін есіме түсті. Аллаға шүкір. Баламның жасына жас қосылып, қазір 4 баланың әкесі болды. Балам, жаңа жасың құтты болсын, туған күніңмен. Алла зор денсаулық берсін. Өсіп-өне беріңдер. Алла сендердің бақытты өмірлеріңді маған көрсетсінші. Аумин», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ұлының өзіне ұқсайтынын жарыса жазып жатыр.

“Менің де баламның аты Олжас, 4 келі болып туған”, “Анасын сыйлайтын жігіт екені көрініп тұр”, “Алла денсаулық, отбасылық бақыт нәсіп етсін. Немереден-шөбере сүйіңіз.Қуанышыңыз еселене берсін”, – деп жазды көпшілік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Shakhizada Baipatchanova (@shahizada.art)