Атырау қаласында жұмыссыздықпен күрес негізінде «Адырна» ҚҚ ұйымдастырумыен кездесу өтті.
Кездесуге аймақтың белсенді азаматшасы, Іскер әйелдер қауымдастығының жастар төрайымы Зарина Қуанышова қатысты. Ол жиналғандарға іскер маман болудың артықшылықтарын айтып, жұмыссыз отырмаудың әдістерін жеткізді:
«Жұмыссыз әйел азаматтар көбіне ондай күйге декреттен кейін, еңбек демалысынан кейін келіп жатады. Яғни, үйдегі тіршіліктен шыға алмай, дамымай қалатыны содан. Менің айтатыным үйде отырған күннің өзінде де бос жатпау керек. Себебі, адам өзін дамытатын, жаңа дүниенеі көретін тәуекелшіл қасиетінен алыстататын болса ол күйден шығу қиынға соға беретін болады. Үйде отырса да шынайы жұмыс жасаймын деген адамға, екі қолына бір күрек табылады» деді Зарина ханым жиналған жұртқа.
Сонымен қатар, кездесу барысында қатысушылар жобаға қатысты сұрақтар қойып, аймақтық жұмыс вакансиялары жайлы кеңес алып қайтты.
ПІКІР ЖАЗУ