«Екі көлік жол апатына ұшырады». Қостанайда жүк көлігі жол жиегіне дән шашты

Фото: видеодан кадр

Қостанайда жүк көлігі жол жиегіне бірнеше тонна дән шашып, екі автокөліктің апатқа ұшырауына себеп болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Тіркемесі бар «КамАЗ» жүргізушісі Гашек көшесінен Базовая көшесіне бұрылғанда басқаруды жоғалтқаны анық. Жүргізуші рөлді тым қатты бұрып, жүк көлігінің еңкейіп, одан тонна астық түсіп кеткен. Алайда машина құламады. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсті.

Қарсы жолақпен келе жатқан Audi және Volkswagen жеңіл автокөліктері соқтығысып, зақымданған. Олардың жүргізушілері зардап шекпеді.

Патрульдік полиция қызметкерлері тез арада оқиға орнына келіп, жағдайды реттеп, жолда кептелістің пайда болуына жол бермеді.

«КамАЗ» жүргізушісі апатты жағдай туғызған деп танылып, оған 45 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жеңіл көліктердің жүргізушілері полициядан көмек сұраған жоқ, олар жағдайды өз бетінше реттеді.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…