Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген тұрмыс құрмақ. Қалыңдық әлеуметтік желіде видео жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Күйеужігіт елордадағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың актеры Ермахан Аймахан екені белгілі болды. Су жаңа күйеубала спорттан да алыс емес екені байқалады. Ол екі дүркін «театр барысы» атағын жеңіп алған.
Аталған өнер ордасының басшысы Асхат Маемиров екі жасты құттықтап бақыт тілеген. Сондай-ақ, көптеген өнер адамдары қос ғашыққа ақ жол тілеп, тілектерін жаудырған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру