Талғарда кісі қолынан қаза болған марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова халықтан кешірім сұрады, деп жазады ozgeris.info Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
– Мені де түсініңіздер. Екі бауырымнан айырылып отырған маған да оңай емес. Сол күні ашу үстінде болдым. Біреу мені қорқытып, айтқызып жатыр деп ойламаңыздар. Мен де өз қатемді білем. Қазақ еліне басымды ием, рақмет айтам! Қаншама пікірді жылап тұрып оқыдым. Елден кетпес үшін мен үшін дұға жасап жатқандар бар екен. Рақмет! Алла разы болсын. Отбасыларыңыз аман болсын, – деді желіде тараған видеода Бақыт Реимова.
Бақыт Реимованы полиция ағасы Қаржаубай Нұрымовпен қатар 15 тәулікке қамаған. Бұған дейін адвокат Асқар Қаймақов полиция Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлім еткен. Ақпаратты кейін полиция растады.
ПІКІР ЖАЗУ