Оқиға Өскемен — Самар автожолының 75-ші шақырымында, Асубұлақ ауылының маңында орын алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полицияның мәліметінше, Самар ауданында тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін жарылғыш заттарды тасымалдайтын VOLVO маркалы жүк көлігі жарылды. Нәтижесінде жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігі Industrial Explosivers ЖШС тиесілі.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
«Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп түсіндірме берді полиция (orda_kz).
ПІКІР ЖАЗУ