Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекшісі Еркін Тұқымов «M.Narikbayev Public lecture» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық дәрісте мемлекет дамуындағы адами капиталдың рөлі туралы айтып, Гарвард университетіне түсу тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо баспасөз хабарласына сілтеме жасап.
Еркін Тұқымов барлық табысты елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңғырудың негізгі себебі адами капитал екенін атап өтті.
Қазақстанның адами капиталын дамытудың оң және сыни факторлары туралы айта келе, спикер еліміздің демографиялық мүмкіндіктеріне тоқталды.
«Реформа жүргізу уақытының өзіндік демографиялық шекаралары бар. Бүгін қазақстандықтардың орташа жасы 31,7 жасты құрайды. Алайда 2035-2040 жылдардан кейін 15 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлердің үлесі артуы мүмкін. Бұл экономиканың даму қарқынына әсер етеді. Осыған байланысты Қазақстанға білімді таланттар қажет», — деді ол.
Сондай-ақ, Гарвард университетінің Қазақстандағы ресми өкілі ретінде ол университетке түсу тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға практикалық ұсыныстар берді.
ПІКІР ЖАЗУ