Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне қатысты тың дерек шықты

Фото: instagram.com/jlo

Америкалық жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері жақын күндері сатылымға шығады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Өнер иесінің концертіне билетті арнайы платформадан онлайн сатып алуға болады.

«Астана концерт» компаниясының мәліметіне жүгінсек, мегажұлдыздың ән кешіне арналған билеттер 11 сәуір күні сағат 11:00-де ресми түрде сатылымға шығады.

Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттерін www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Сондай-ақ концерт ұйымдастырушысы Мәлік Хасеновтің сөзінше, америкалық жұлдызбен келісімсөз алты айға созылған көрінеді.

“Біз алты ай бойы келіссөз жүргіздік. Лопестің Instagram желісінде 258 миллион жазылушысы бар. Біздің елдегі халықтан 20 есе көп. Әртіс үшін Қазақстанға келу өте керемет. Мен осы жұлдыздың әндерін тыңдап өстім. Бүкіл стадион би билейді. Біз оның Абу-Дабидегі концертіне бардық және бұл ұмытылмас кештей өтті. Көрермендер риза,  атмосфера керемет болды”, – деді Хасенов.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре