Ресей президенті Владимир Путин Украинада арнайы әскери операция өткізу шешімі қиынға соғатынын айтты.
“Мен мұны операцияның басында шешім қабылданбай тұрып айттым. Бұл күмәнсіз қиын шешім», — деді ол ресейлік әуе компанияларының әйелдер командасымен кездесуінде.
Сондай-ақ, Путин Ресейдің Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге тырысатынын атап өтті. Оның пікірінше, әуелде Донбассқа орыс тілінде сөйлеп, еркін өмір сүріне мүмкіндік беру керек еді. Бірақ Украина блокада ұйымдастырды.
«Донбасс тұрғындары қаңғыбас иттер емес. 2014 жылы Донбасста соғыс қимылдары басталғаннан бері 13 мыңнан 14 мыңға дейін адам қаза тапты. Оның ішінде 500-ден астамы балалар. Бірақ Батыс мұны 8 жыл бойы байқамағандай кейіп танытады», — деді Ресей президенті.
Бұдан бөлек, Путин Ресей Минск келісімдерін орындамайды деген айыптауларды абсурд деп атады.
«Киевтің қазіргі билігі істеп жатқан істерін жалғастыра берсе, бұл Украина мемлекетінің болашағына күмән келтіретінін түсінуі керек және бұл олардың тікелей қолында», — деп аяқтады Путин.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ