АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
«Америка Құрама Штаттарының атынан Сізді және барша Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бұл – ынтымақ пен жаңарудың мерекесі. Біздің мемлекеттерімізді ұзақ жылдардан бері қалыптасқан өзара тиімді ықпалдастық байланыстырады. Алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және басқа да салаларда жаңа жетістіктерге жететінімізге сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Трамп өз сөзінде АҚШ-тың Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін қолдайтынын атап өтті.
«Біздің жасампаз елдеріміз табысты жолға қадам басқан кезеңде, Америка халқы Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын әрдайым қолдайды», – деп жазды ол.
ПІКІР ЖАЗУ