Доллардың бағасы неше теңге болды?

доллар
Фото: Zakon.kz

Қазақстанның айырбастау орындарында доллар 491 теңгеге сатыла бастады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Алматының айырбастау орындарында 12.00 жағдай бойынша доллар 490,5 теңгеге сатылады, Астанада кейбір пункттерде бағам бір доллар үшін 491 теңгені құрайды.

Бүгін, 9 қазанда, Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар 490 теңгеге сатыла бастады.

Алматының айырбастау орындарында Астана уақыты бойынша 12.15 жағдай бойынша долларды 490,9 теңгеге сатады, 488,5 теңгеге сатып алады. Астанада долларды 490 теңгеге сатады, 488 теңгеге сатып алады. Алайда кейбір айырбастаушыларда долларды сату бағамы 491 теңгені құрайды.

Бұған дейін сарапшылар Таяу Шығыстағы қақтығыс долларды көтеретінін, себебі инвесторлар Иранның зымыран соққыларына Израильдің жауап қайтаруын күтіп отырғанын атап өткен болатын.