Жас актриса Айшолпан Байтүгел алғаш рет киноға түскен сәтін еске алды. Желі жұлдызы түсірілім алдында қатты уайымдап, тіпті тыныштандыратын дәрі ішкенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айшолпан Байтүгел алғаш рет «Келінжан» сериалына түскен. Tik-Tok жұлдызы кәсіби актерларды көріп, олардың шеберлігіне тәнті болған. Оған қоса ол түсірілім алдында дірілдеп, қатты қобалжығанын жасырмады.
«Түсірілімге қатты дайындалдым. Заттарымды жинап алдым. «Қонасың, сонда бір ай жатасың» деді. Көлік жүргізуші алып кеткенде көлікте Қобыланды Болат пен Рүстем Жаныаманов болды. Аузым ашылып қалды. Бұлар қалай сөйлеседі екен деп, маған бәрі қызық болды. Жолдан олардың кофе сатып алғаны да маған кино болып көрінді. Түсірілімнің бірінші аптасы маған ауыз ашумен өтті. Ең алғашқы түсірілімім Сарамен болды. Қатты қуандым. Маған оңай болды. Сара қатты қолдау көрсетті. Дірілдедім, тыныштандыратын дәрі іштім. Желіде жұлдыз болсаң да, кино түсірілімі деген мүлдем басқа дүние екен. Қанша жерден жұлдыз болсаң да камераның алдында сөйлей алмай қаласың», — деді актриса «Мамский әңгіме» подкастында.
ПІКІР ЖАЗУ