Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жуырда шымкенттік кәсіпкер Жұмабек Жанықұлмен отбасын құрды. Бұл жаңалық көпшілікке белгілі. Алайда кәсіпкердің алдыңғы некесінен туған кенже ұлы бұл жаңалықты ауыр қабылдағандай деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода баланың әкесін қимай, жылап тұрған сәті бейнеленген. Бұл көрініс желі қолданушыларының жүрегін тебірентіп, қызу пікірталас тудырды.
Қолданушылардың бірі:
«Баланы ойлау керек еді. Ержетіп қалған ұлдарына әсер ететінін білмей ме? Қатты жаным ашып кетті», — десе, енді бірі отбасындағы мұндай сәттерге түсіністікпен қарауға шақырып жатыр.
Желіде түрлі пікірлер айтылып жатса да, көпшілік баланың көңіл күйіне алаңдаушылық білдіруде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру