Димаш Құдайберген 100 жылдан астам тарихы бар Сейфуллиннің әніне түсірген клипін жарыққа шығарды

Бүгін, 15 мамырда Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті, деп жазады dimashnews.com.

Айта кету керек, Димаш клип тұсаукесеріне орай челлендж жариялаған. Трекке түсірілген ең қызықты және көп қаралған видео үлкен сыйлыққа ие болады.

Челлендж 25 мамырға дейін жалғасады. Жүлде – Димаштың өз қалауыңыз бойынша жеке концертіне жолдама (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшу және жатын орын жүлдеге кіреді.

Қорытындысы 26 мамырда Алматыда өтетін концертте жарияланбақ.