Опера әншісіне құрмет көрсетіп жатқан сәттің видеосы әлеуметтік желіге тарады.
«Қай халық болса да, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20-ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих», – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында Жорж Бизенің 1863 жылғы «Искатели жемчуга» операсынан дуэт шырқаған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ