«Әділдік және өркендеу» қоры әлеуметтік жобаларды іске асырып, әділ Қазақстан қағидаттарын дәріптеуде

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері Шымкенттегі өңірлік өкілдердің кездесуінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыратынын хабарлады.  

«Әділдік және өркендеу» Қорының қолдауымен Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарында денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі техникасын сақтау жөніндегі екі қоғамдық комиссия құрылып, жұмыс істейді. Комиссия мүшелері медициналық сақтандырудың сапасымен қолжетімділігін жақсарту, еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді. Өңірлердегі халықтың қоғамдық маңызы бар проблемаларына тұрақты негізде әлеуметтік мониторинг жүргізіледі.

«Қордың алғашқы базалық жобасыәлеуметтік мониторинг. Сауалнамаға біздің жақтастарымыз, жоғары азаматтық ұстанымы бар қазақстандықтар қатысты. Белсенділердің арқасында бұл ауқымды жұмысты жүргізуге мүмкіндік туды. Біз еліміздің барлық өңірінен ұсыныстар жинадық, мемлекет басшысының реформаларын іске асыру үшін оларды мемлекеттік органдарға жолдадық», — деді Қоғамдық қордың басшысы Дана Рысмұхамедова ұйымның өңірлік өкілдеріменжәне жақтастарымен кездесуде.

Әлеуметтік мониторинг халық үшінмедициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оқушылардытамақтандыру, кәсіпорындарда қауіпсіз еңбекжағдайларын қамтамасыз ету және т.б. өзектімәселелерді қамтиды.