Бас прокурор Берік Асылов «Қаңтар оқиғасы» бойынша 766 күдіктінің тұтқындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Мұндай адамдардың жоғалтатын ештеңесі болмады және олар әртүрлі қылмыстарға оңай барды. Атап айтсақ, дүкендерді қиратты, тонаумен айналысты, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады. Мысалы, «Дикий Арман» деп аталатын Жұмагелдиев пен оның тобының 14 мүшесі қамауда. Жалпы, жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін 22 мыңнан астам адам тексерілді»,– деді Бас прокурор.
Айта кетейік, қазіргі сотта 229 айыпталушыға қатысты іс қаралуда. 72 адам сотталды, оның ішінде 66 адамның бас бостандығы шектелді, бес адам бас бостандығынан айырылды.
ПІКІР ЖАЗУ