«Аманаттың» аты өзгергенімен заты өзгермепті. Селтеңдеп сауық құрып, жалған ұранмен жастарды жиып алып жалаулатудан жалықпадыңдар ма?
Плакат ұстап көшеге шығу, әншілердің даңғарасына даңғаза қосу арқылы Жаңа Қазақстан құра алмайсың.
Президенттің бастамаларын, реформаларын, өзгеруге, елді өзгертуге деген құлшынысын менде қолдаймын. Бірақ «Қаңтардағы қырғынның» қыртысы жазылмай жатып, дәл бүгінгідей думандату таза дарақылық. Доғарыңдаршы өтініш!
Әнші-бишілерді жиып алып думандата бермей, елдің экономикасын, халықтың қалтасын қампайтуға кірісейік!
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ