Депутаттар өздері туралы кітап шығаруға халықтың ақшасын шашып жатыр

Фото: ozgeris.info

Үкімет шенеуніктер мен халықты ақша үнемдеуге шақырып жатқанда, депутаттар халықтың ақшасын ысырап етулерін жалғастыруда.

Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойын тойлауға бюджеттен қомақты қаражат бөлінген. 

Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығы бюджетке айтарлықтай шығын келтірді деп айтуға негіз бар. Мерекелік шаралардың барлығын айтпағанда, тек кітап шығару үшін айтарлықтай көп қаражат жұмсалғаны анықталды. Жыл сайынғы мерейтойлық медальдар мен қызметтік көліктерден бөлек, әр аймақта мәслихаттар өздерін дәріптейтін кітаптарды басып шығарудан жарысып жатқан сияқты.  Мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігін “Тау Кайнар”  мен “Золотая Книга” алматылық баспалары алған.
Ең қымбат кітап шығарған Астана мәслихаты. 270 дана кітапты басып шығаруға  33 750 000 теңге төленген. Бұл қаражатқа «30 жыл. Астана қаласының мәслихаты» деген кітап шыққан.  Техникалық сипаттамасына қарағанда, бұл басылым шынымен де “luxury” көрінеді:
•Термо-тері қаптама
•Алтын фольгамен безендірілген арнайы фото кірістіру
•Ағаш пен металл элементтері бар қорап
•Барқытпен қапталған ішкі бөлік
•Атлас таспа және магнитті қақпақ
Жетісу облысында 660 кітап басып шығару үшін  23 075 000 теңге жұмсалған. Алайда кітаптың дизайны қарапайым: жылтыр қағаз, түрлі-түсті басылым. Сонымен қатар, баспа мекемесі мәтінді қазақ және орыс тілдерінде дайындап, редакциялау, түзету, фотоөңдеу, беттеу жұмыстарын жүргізген.
Шығыс Қазақстан облысында 300 стандартты кітап пен арнайы сыйлықтық тиражбен 5 VIP басылым әзірлеуге 12 600 000 теңге жұмсалған.
Қарағанды облысында мәслихат кітабын шығару басқа өңірлермен салыстырғанда кішкене арзан шыққан  – 10 000 000 теңге.
Айта кету керек, кейбір өңірлерде мемлекеттік сатып алу порталында мұндай мәліметтер жоқ. Алайда бұл кітаптарға тапсырыс берілмеді дегенді білдірмейді.  Олар басқа қаржыландыру көздері арқылы төленген болуы мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…