Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасы үшін алғашқы голын соқты

Фото: sportbugin.kz

Журналист Владимир Жарковтың мәліметінше, «Челси» клубына тиесілі Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапында алғашқы голын соқты, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жарковтың айтуынша, Қазақстан құрамасы бас бапкер Әли Әлиевтің жетекшілігімен Түркияда оқу-жаттығу жиыны аясында Швецияның белгісіз командасымен жолдастық кездесу өткізген. Ойын 2:1 есебімен аяқталып, қазақстандықтар тарапынан Серік Мужиков пен Дастан Сәтпаев гол соқты.

Айта кетерлігі, Қазақстан футбол федерациясы бұл матч туралы ресми ақпарат жарияламаған, сондықтан ойын құраманың және ойыншылардың ресми статистикасына енгізілмейді.