Абай облысындағы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен түркітілдес халықтардың «Науруз – 2017» халықаралық фестивалінің жүлдегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты және т.б. көптеген жетістіктері бар «Дариға-ай» жастар театры Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай айтыскер ақын Ринат Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрына гастрөлдік сапармен келді. 29, 30 қыркүйек күндері «Қасқыр мен бұзау» (ертегі), М. Әуезов «Жетім», «Бір қазаққа ән салдырған Шәмші», «Шәкәрім. Жолсыз жаза» қойылымдарын ұсынады.
«Алатау» дәстүрлі өнер театры маусым айында Абай облысына гастрөлдік сапармен барды. «Дариға-ай» жастар театры және басқа да өнер ұжымдары емен-жарқын қарсы алған еді. Енді міне «Алатау» театры да кешелі бері «Дариға-ай» жастар театры ұжымымен қауышып, арқа-жарқа болып жатыр.
Аталмыш қойылымдардың хас өнерді іздейтін көрермендердің көңілдеріне нәр береріне сенімдеміз. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!
Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі
ПІКІР ЖАЗУ