Маңғыстауда дәнекерлеуші 29 млн теңгенің мүлігін бүлдірген

ОТ
Pixabay.com

Маңғыстау облысында 29 миллион теңге залал келтірген өндірістік аймақтың автотұрағында дәнекерлеушіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл туралы Маңғыстау соттарының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

Мұнайлы аудандық сотында бөтеннің мүлкін абайсызда жойды немесе бүлдірді (ҚК-нің 204-бабының 2-бөлігі) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды. Тергеу барысында анықталғандай, көлік тұрағында дәнекерлеуші ​​болып жұмыс істеп жүріп, 2024 жылдың 12 маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, контейнердегі қоқыстарды өртеген. Өрт салдарынан бірнеше көлік, соның ішінде Mercedes-Benz Actros көлігі зақымданып, жалпы сомасы 29 миллион теңгені құрайтын материалдық шығын келтірілген.

Прокурор 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны талап етсе, жәбірленушілер келтірілген шығынды өтеуді талап етті. Сотталушы кінәсін мойындап, сот оның зейнеткерлік жасын, соттылығының жоқтығын және өкінуін ескере отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жәбірленушілердің талаптары толығымен қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре